×

Қаржы министрлігі президент сайлауына 20,5 млрд теңге бөлуді мақұлдады

Президент сайлауы 20 қарашада өтеді

 Дәурен Ерболат 27.09.2022 | 11:46
фото: Halyq Uni

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауын өткізуге 20,5 млрд теңге бөлу мақұлданды. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Үкімет отырысынан шыққан Ерұлан Жамаубаев журналистердің «Қаржы министрлігі Орталық сайлау комиссиясының кезектен тыс президент сайлауын өткізу қажет 20,5 млрд теңгенің өтінімін мақұлдады ма?» деген сұрағына жауап берді.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев «Иә, мақұлдады» деп, қысқаша жауап берді.

Айта кетейік, биыл 8 қыркүйекте қаржы министрінің орынбасары Татьяна Савельева кезектен тыс президент сайлауын өткізуге шамамен 20 млрд теңге керек екенін айтқан еді.

ҚР Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағына сәйкес елімізде кезектен тыс президент сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасында өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама