×

«50 жастан бастап зейнетке шыға алады»: Еңбек министрі жағымды жаңалығымен бөлісті

Министрдің айтуынша, кеншілер 40 жаста жұмыстан босатылса, оларға 50 жастан бастап зейнетақы төленеді

 Халық үні 27.09.2022 | 00:30
ашық дереккөзден

Қазақстандық кеншілер 50 жастан бастап зейнетке шыға алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова брифингте айтты.

Айтуынша, министрлік қазіргі таңда Ұлттық банкпен бірлесіп жұмыс тобымен кеншілердің зейнетақысына есептеу жүргізіп жатыр.

Қазір зейнетақы аннуитеті мәселесі талқыланып жатыр. Олар 40 жастан бастап жұмыстан босатуы мүмкін. Ондай жағдайда 50 жастап бастап зейнетақы төленеді. Олар жұмыстан ерте босатылуы үшін зейнетақы аннуитетінің құны төмендетіледі, – деді Дүйсенова.

Сонымен қатар министр зейнетақыны келесі индексациялау 2023 жылдың басында жүргізілетінін айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қазақстандықтарға 4 күндік жұмыс аптасы қандай жағдайда рұқсат етілетінін айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама