×

Жәнібек Әлімханұлының нокауты ең үздік деп танылды

Ол екінші раундта қарсыласын ауыр нокаутқа түсірген-ді

 Еркеғали Болатұлы 26.09.2022 | 11:10
фото: ашық дереккөз

Никарагуалық бокс шолушысы Леви Луна жылдың ең үздік нокауттарының қысқаша тізімін жариялады. Оның ішінде қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының да соққысы болды деп хабарлады Vesti.kz.

Еске сала кетсек, Жәнібек Әлімханұлының британдық боксшы Дэнни Дигнуммен жекпе-жегінде жасаған нокауты үздіктер қатарына енген еді. Бұл жекпе-жек биыл мамыр айында өткен болатын. Әлімханұлы екінші раундта қарсыласын ауыр нокаутқа түсірген-ді. Одан кейін осы жеңісінің арқасында орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша «уақытша» чемпионның белбеуіне ие болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама