×

Аймағамбетов ұлының қандай мектепте оқитынын айтты

Ведомство басшысы Қазақстанда емделеді

 Дәурен Ерболат 23.09.2022 | 17:32
фото: ОКҚ

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ұлының қайда оқитынын, өзі қайда емделетінін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналист министрге «Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек балалары шетелде оқитынын айтқан еді. Кейін бұл жағдай қоғамда қызу талқыланды. Қазақстандықтардың пікірінше, министр отандық білім беру саласына сенбейді. Сіздің балаларыңыз қай мектепте оқиды? Қазақстанда ма? Сіз қайда емделесіз?» деп сұрақ қойды.

Асхат Аймағамбетов баласы қарапайым білім ордасында оқитынын атап өтті.

Жауап берейін. Бұл құпия емес. Мектеп жасындағы бір балам бар. Ол Қазақстандағы мемлекеттік мектепте білім алады, - деді министр.

Сондай-ақ ведомство басшысы қайда емделетінін айтты.

«Мен медициналық қызметті басқа қазақстандықтар сияқты мемлекеттік емханадан аламын яғни тұрғылықты мекенжайым бойынша», - деді Асхат Аймағамбетов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама