×

Шекарада 20 тонна сырамен ұсталды

Сотқа материал жіберілді

 Дастан Жұмабекұлы 21.09.2022 | 10:45
фото: gov.kz

Павлодар облысындағы «Найза» шекаралық автомобиль өткізу пунктінде 20 тонна сыраны заңсыз әкеткісі келген азамат ұсталды.

Бұл туралы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Алкоголь өнімдерін заңсыз әкету жолы 15 қыркүйекте Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің жасырын экономикаға қарсы жұмысының аясында анықталған.

Нәтижесінде шекарада ұсталған автокөліктен жалпы көлемі 20 тонна болатын «сыра» алкоголь өнім тәркіленді. Құжаттарды қарау және тексеру барысында алкоголь өнімінің тиісті құжаттары болмағаны анықталды.

Қазір ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері Успен аудандық сотына процессуалдық шешім қабылдау үшін материалдар жіберді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама