×

Тәжікстан мен Қырғызстан бір мәмілеге келді

Тараптар үш тармақтан тұратын тиісті хаттамаға қол қойды

 Дастан Жұмабекұлы 20.09.2022 | 18:11
Фото: kg.akipress.org

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Камчибек Ташиев пен Тәжікстан Ұлттық қауіпсіздік қызметінің төрағасы Саймоъмин Ятимов арасында  Тәжікстанның Соғды облысында кездесіп, қарулы қақтығысты тоқтату жөнінде бірлескен мәлімдеме жасады. Соңынан үш тармақтан тұратын тиісті хаттамаға қол қойды.

Құжатта әскерлерді шекара маңынан тұрақты орналастыру орындарына тасымалдау, шекараның екі жағында тек шекара әскерлерін қалдыру, шекара мәселелерін талқылауды жалғастыру арқылы шекарадағы жағдайды қалыпқа келтіру туралы келісімге келді.

Соғды облысы әкімшілігінің ақпараттық қызметі де екі ел қауіпсіздік қызметі басшыларының бірлескен мәлімдемесі бар бейнежазбаны жариялады.

Біз бір-бірімізді түсіну арқылы келісімге келдік. Біз хаттамаға қол қойдық, шекарамызда бейбітшілік, тыныштық орнайды деп сенеміз. Біз барлық бағыттар бойынша өз іс-әрекеттерімізді достас елдеріміздің мүдделеріне сүйене отырып жүзеге асыратын боламыз, –  деді Тәжікстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Саймоъмин Ятимов.

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Камчибек Ташиев қол қойылған хаттаманың нағыз бейбітшілікті қамтамасыз ететініне сенемін білдірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама