×

Зеленский Ресейдің күйрей жеңілетінін айтты

Басқыншылардың ақылдылары өз еріктерімен тұтқынға түсіп жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 19.09.2022 | 17:26
Фото: dp.informator.ua

Украина президенті Владимир Зеленский соңғы тәуліктегі ұрыс қималдарына қатысты кезекті үндеуін жолдады.

Ол енді Қорғаныс күштерінің Ресей басқыншыларын бұрынғыдан бетер соққылайтынын мәлімдеді.

Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

Украина лидері мұны кеше кешкілік жасаған үндеуінде айтты.

«Ресейдің көптеген солдаттары өздерінің Украинада аман қалуға ешқандай мүмкіндіктері жоқ екенін, күйрей жеңілетіндерін сезіне бастады. Олардың арасындағы ақылдылары босқа құрбан болып кетуді жөн көрмей, өз еріктерімен тұтқынға түсіп жатыр. Біз олардың халықаралық конвенцияларға сәйкес құқықтарын толық сақтаймыз. Оккупанттар мұны түсінулері үшін оларға бұрынғыдан бетер қысым жасаймыз. Енді бұған дейінгімізден де қатты соққылайтын боламыз», – деді Зеленский.

Президенттің айтуынша, соңғы тәулікте майданның алғы шебінде айтарлықтай өзгерістер бола қоймаған.

«Украина Қарулы күштері, біздің барлау бөлімдері, қауіпсіздік қызметі, ұлттық гвардия оккупанттарды біртіндеп, бірінен кейін бірін жерімізден ығыстырып жатыр. Бірақ қорғанысқа толық күш шоғырландыру үшін уақыт керек», – деп атап өтті ол.

Ал Ресей президенті Владимир Путин өздерінің соғыстағы позициясы айтарлықтай өзгеріске түсе қоймағанын, оның басты әрекеті «Донбасты толық азат ету» екенін айтып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама