×

Жетісу облысында мас жігіт жүк көлігімен 2 машинаны таптап өтті

Opel Vectra, Toyota Camry көліктерінен 2 адам зардап шекті

 Еркеғали Болатұлы 17.09.2022 | 14:24
Фото: Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі

Жетісу облысына қарасты Балпық би ауылында бүгін түнде «КамАЗ», Opel Vectra және Toyota Camry көліктері жол апатына ұшырады.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, апаттан 2 адам қатты зардап шегіп, Ақсай аудандық ауруханасына жатқызылған.

Бұл оқиғаға «КамАЗ» жүк көлігінің 31 жастағы жүргізушісі кінәлі екен. Медициналық куәландыруға сәйкес, ол рөлге мас халде отырған.

Ер адам қамауға алынды. Қазір оған сотқа дейінгі тергеу амалддары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама