×

Армения Әзербайжанның тұтастығын мойындайды

Екі елдің шекарасына күні бүгінге дейін делимитация мен демаркация жасалмаған

 Дастан Жұмабекұлы 15.09.2022 | 12:17
фото: ашық дереккөз

Осымен Армения мен Әзербайжан арасындағы қарулы қақтығыс тоқтады. Арменияның премьер-министрі Никол Пашинянның айтуынша, 105 армян сарбазы қаза тапқан. Кейбір деректе 150-200 жауынгерінен айырылған.

Армения премьер-министрі Н.Пашинян Әзербайжанның аумақтық тұтастығын КСРО кезінде бекітілген әкімшілік шекарада ғана мойындайтынын айтты.

Біздің Әзербайжанмен даулы шекарамыз жоқ. Ол біздің КСРО кезінде бекітілген шекарамыз, –  деді ол.

Әзербайжан жағы болса, КСРО тұсында Одаққа мүше республикалар арасында әкімшілік шекараның болғанын, кейін елдер өз алдына тәуелсіздік алғанда шекараны делимитация мен демаркациялау жасағанын атап өтті.

Армениямен ешқандай делимитация мен демаркациялау жасалмаған. Сондықтан Арменияның логикаға салғанда айтып жатқан уәждері қисынсыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама