×

Әлем чемпионаты: Жәмила Бақбергенова финалға шықты

Енді ол алтын жүлде үшін америкалық Амит Эролмен күреседі

 Дастан Жұмабекұлы 15.09.2022 | 10:18
фото: ашық дереккөз

Сербияның астанасы Белград қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан ересектер арасындағы әлем чемпионатында әйелдер арасында 57, 59, 68 және 72 килоға дейінгі салмақта белдесулер болды.

Осы сында 72 килодағы Жәмила Бақбергенова финалға шықты.

Әлемдік рейтингте бірінші тұрған Жәмила Бақбергенова белдесуін ширек финалдан бастап алғашқы кездесуінде Өзбекстанның өкілі Светлана Окназарованы 10:0 есебімен ұтса, жартылай финалда Румынияның балуаны Александра Николета Ангельден 12:2 есебімен басым түсті. Енді бүгін отандасымыз финалда АҚШ спортшысы Амит Элормен кездеседі.

Жәмила былтыр да финалға шыққан. Бірақ cсол кезде жапон Масако Фириучиден жеңіліп, күміс жүлде алған еді. Ал Масако бұл жолы жартылай финалда 18 жастағы америкалық Амит Эролден жеңіліп қалды. Бүгін финалда Жәмила осы Эролмен алтын медальға таласады.

Сонымен бірге бүгін еркін күрес шеберлері өз белдесулерін бастап, бірінші күні кілемге 70, 79, 86 және 125 килодағы балуандар шығады. Кілемде Сырбаз Талғат (70 кг), Болат Сақаев (79 кг), Азамат Дәулетбеков (86 кг) пен Олег Болтин (125 кг) күреседі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама