×

Украинада азат етілген елді мекендер қалпына келтіріле бастады

Кей аудандардың тұрғындарына 5 айдан бері берілмеген зейнетақы төлене бастаған

 Еркеғали Болатұлы 14.09.2022 | 17:48
фото: ашық дереккөз

Украина президенті Владимир Зеленский өздерінің Ресей күштерінен азат еткен 4 мың шаршы шақырым жерді толығымен бақылауға алғандарын мәлімдеген. Бұл туралы бүгін «Хабар 24» хабарлады.

Зеленскийдің айтуынша, азат етілген мекендерде бейбіт өмірді қалпына келтіру шаралары қолға алынып жатыр. Мысалы, кей аудандардың тұрғындарына 5 айдан бері берілмеген зейнетақы төлене бастаған.

Еске сала кетсек, Украина әскері өткен аптада елдің шығысы мен оңтүстігінде қарсы шабуылға көшіп, көптеген елді мекенді азат еткен болатын.

«Қазірге дейін жау қолынан азат етілген 4 мың шаршы шақырым жерде тұрақтандыру жұмыстары аяқталды. Дәл осындай аумақта шаралар әлі жалғасып жатыр. Бұл жерлерде басқыншы әскердің қалдықтары мен диверсиялық топтарын тұтқындау жүргізіліп, қауіпсіздік шаралары қалпына келтіріліп жатыр», – деді Украина президенті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама