×

Мәжіліс төрағасы Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақырды

Ол 16 қыркүйек күні сағат 10.00-де басталады

 Дастан Жұмабекұлы 14.09.2022 | 16:27
фото: parlam.kz

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 16 қыркүйекте сағат 10.00-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын, –  делінген Өкімде.

Парламент палаталарының бірлескен отырысы 1 қыркүйекте өткен болатын. Отырыста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жариялады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама