×

Ақмола облысында 19 млн-ға жуық теңгенің алкогольдік өнімдері заңсыз сатылған

Жалпы көлемі 9,5 тонна спирті бар сұйықтық тәркіленді

 Динара Амантай 13.09.2022 | 10:11
Фото: ашық дереккөз

Ақмола облысында тиісті құжаттарсыз қомақты көлемде алкоголь өнімін одан әрі өткізу мақсатында заңсыз тасымалдау және сақтау әрекеттерінің жолы кесілді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Көкшетау және Петропавл қалаларының аумағында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша жалпы көлемі 9,5 тонна спирті бар сұйықтық, бос пластик ыдыстар, дайын алкоголь өнімі табылып, тәркіленді. Құрамында спирті бар сұйықтықтың жалпы құны 18,5 миллион теңгеден асады, – делінген хабарламада.

ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама