×

Армения мен Әзербайжан шекарасында қарулы қақтығыс болды

Армения Ресейден көмек сұрауға шешім қабылдады

 Халық үні 13.09.2022 | 08:25
Фото: Reuters

13 қыркүйекке қараған түні екі елдің шекарасында атыс болды, деп хабарлады РИА Новости.

Армения қорғаныс министрлігі Әзербайжан қарулы күштері елдің аумағына артилерия және ұшқышсыз ұшақтармен оқ атқанын мәлімдеді.

Әзербайжан қарулы күштерінің құрылымдық бөлімдері 13 қыркүйекте 00:05-те  артиллериялық құралдар, ірі калибрлі ату құралдарымен Горис, Сотк және Джермук елді мекендерінің маңын атқылай бастады, - делінген хабарламада.

Әскери ведомство Әзербайжан шекарасымен шектесетін аумақта болған қақтығыс салдарынан қаза тапқандар мен жарақаттанғандар бар екенін хабарлады. Сондай-ақ Әзербайжанның азаматтық инфрақұрылымға соққы жасап жатқаны хабарланды.

Өз кезегінде Әзербайжан қорғаныс министрлігі Армения әскерилерін ауқымды арандату әрекетіне айыптады.

Әзербайжандық тараптың мәліметінше, әскери қақтығыс салдарынан әскери позициялар оқтың астында қалған.

Жеке құрамда адам шығыны бар, әскери инфрақұрылым зақымдалған. Әзербайжан  армиясының құрылымдық бөлімдері Армения қарулы күштерін тежеп, әскери қақтығыс ауқымының кеңеюіне жол бермеу үшін қажетті шаралар қабылдауда , - делінген ведомство хабарламасында.

Баку де Армения қарулы күштерінде адам шығыны барын, әскери техника зақымдалғанын хабарлады.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізіп, әскери қақтығысты Ресей президенті Владимир Путин және Франция президенті Эммануэль Макронмен талқылады.

Отырыс қорытындысы бойынша Ресейден көмек сұрауға шешім қабылданды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама