×

Ресей әскері Луганск облысынан да қашып жатыр

РФ бағытындағы жолда ұзын-сонар кезек 10 шақырымға дейін созылған

 Дастан Жұмабекұлы 12.09.2022 | 18:06
фото: bbc.com

Украина Қарулы күштерінің соңғы бірнеше күннен бергі қауырт шабуылдары Ресей басшылығы үшін мүлде күтпеген жағдай болып жатыр. Украина әскері Луганск, Харьков және Херсон бағыттарында жаппай шабуылға шықты.

8 қыркүйекте УҚК президентке Харьков облысындағы Балаклеяны азат еткенін баяндады. Ал 10 қыркүйек күні таңертең Купянскінің жаудан босатылғаны жайлы ақпар тарады. Бұдан кейін Украина әскерінің Харьков облысының бірнеше селолары мен қалаларын азат еткені хабарланды. Енді Ресей әскері Луганск облысын тастап, қашып жатыр деген дерек бар.

Бұл туралы УНИАН хабарлады.

Луганск әскери әкімдігінің басшысы Гайдайдың айтуынша, ресейлік әскерилер отбасымен Луганскіні тастап, кетіп жатыр. Ресей бағытындағы жолда ұзын-сонар кезек.

Олардың жалпы ұзындығы Счастье бағытында – 1,5, Луганск станицасы жағында – 10 шақырымға дейін созылған.

Қолда бар мәліметке қарағанда, басқыншылар Донецк мен Луганскіде ұрысқа, ал Херсонда берілуге дайындалып жатыр.

Осыған байланысты Украина президенті офисі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк Кремльдің Украина Қарулы күштерінің ұрыс даласында қауырт қарсы шабуылға шыққанына қарамастан, Киевтің позициясы бойынша келіссөз жүргізуге әлі дайын емес екенін мәлімдеді.

Подоляктың айтуынша, «Кремль – өте оқшау орта», ондағылардың арасында Путинмен бетпе-бет кездесе алатындар өте сирек, оның шеңбері тым шектеулі.

Өкінішке қарай, Ресей – адекватты ел емес, оларда анализ деген жоқ. Мен Путин жалпы ұрыс алаңдарында не болып жатқанын да түсінбейді ғой деп ойлаймын. Белгілі бір мәліметтері бар, бірақ тұтас алғанда, не болып жатқанын түсінбейді. Олар (ресейліктер) естен танып отыр. Бірақ әлі де Украинаны күйретуге, біздің қалаларымызға жасалатын осы берекесіз шабуылдарды жалғастыруға болады деп есептейді, – деді ол.

Подоляк қоғамның соғыс қалай аяқталатынын қазір айқын көріп-біле бастағанын айтты. Ол Украинаның Ресей оккупанттарын өз елінің территориясынан қуып шығып, халықаралық қауымдастықтың қолдауына ие болатынына енді халықтың күмәні жоқ екенін ескертті.

Украина әскерлері соғыс басталғалы 52 950 оккупанттың жандары жаһаннамға жіберді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама