×

Қырғызстан тұңғыш рет әлем чемпионы атағын алды

Ақжол Махмудов финалда 77 кг салмақта қарсыласын 8:0 есебімен ұтты

 Дастан Жұмабекұлы 12.09.2022 | 09:58
фото: ашық дереккөз

Қырғызстан тұңғыш рет әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Бұл жүлдені Сербияның астанасы Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 77 кило салмақта сынға түскен Ақжол Махмудов иеленді. Сөйтіп, ол тұңғыш рет ел тарихындағы әлем чемпион атағын жеңіп алған балуан атанды.

Ол жартылай финалда Лондон Олимпиадасының чемпионы корей Ким У Хенді, финалда венгр Золтан Леваиды жеңді. Финалдағы белдесу 8:0 есебімен аяқталды.

Ал Қазақстан құрамасының балуандары –  55 килода күрескен Аманғали Бекболатов пен 72 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Ибрагим Магомедов қола жүлдеге таласта қарсыластарын жеңіп тұрып, жеңіліп қалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама