×

Ақтауда жедел жәрдем қызметкерлері жұмысқа шығудан бас тартты

Қазіргі жалақылары – 110-120 мың теңге ғана

 Наима Нұрәлі 11.09.2022 | 14:55
фото: lada.kz

Жедел жәрдем қызметкерлері бұған дейін бірнеше рет осындай себеппен бас көтерген. Алайда баяғы жартас – сол жартас. Басшылықтың уәдесіне сенуден қалған олар 11 қыркүйек күні бірауыздан жұмысқа шықпады.

Жиналғандардың айтуынша, бірінші санаттағы жедел қоңыраулар бойынша екі жедел жәрдем көлігі ғана жұмыс істейді.

Бір сағаттан соң ғана басшылық бас көтергендермен кездесіп, мәселені ертең шешетіндерін жеткізді. Алайда наразы топ оларға сенбейді. Айтуларынша, қазіргі жалақылары – 110-120 мың теңге ғана. Қымбатшылық қысып тұрғанда мұндай жалақымен күн көрудің қиын екенін алға тартып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама