×

Украина Ресей әскерінен 1000 шаршы шақырым аумақты азат етті

Ал өткен тәулікте Украина сарбаздары Балаклея қаласын азат етті

 Халық үні 09.09.2022 | 23:49
фото: the bell

Украина армиясы Херсон және Харьков облыстарында Ресей әскеріне қарсы қарымта шабуыл жасап жатыр.

Президент Владимир Зеленский мәлімдегендей, қыркүйектің 1-нен бері елдің қарулы күштері Харьков аймағында мың шаршы шақырым аумақты, Херсон өңірінде 200 шаршы шақырым территорияны қайтарған.

Американың соғысты зерттеу институтының дерегінше, украин жауынгерлері алдағы 72 сағатта Харьковтың шығысындағы Купянск қаласын алуы мүмкін. Егер бұл болжам расталса, ресейліктер құрал-жабдық тасымалдауға қажетті теміржол торабынан айырылады.

Ал өткен тәулікте Украина сарбаздары Балаклея қаласын азат етті. Соның арқасында оларға ресейліктер басып алған ірі стратегиялық қала – Изюмді шабуылдауға жол ашып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама