×

Балабақша тәрбиешілері толтыруға міндетті құжаттардың саны азайды – Аймағамбетов

Оқу-ағарту министрі сәйкесінше бұйрыққа қол қойды

 Динара Амантай 09.09.2022 | 16:03
Фото: tbi.kz

«Педагог мәртебесі туралы» заң аясында балабақша тәрбиешілері толтыруға міндетті құжаттардың санын азайтатын бұйрыққа қол қойылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Telegram арнасында жазба жариялады.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мұғалімдерді қызметіне тән емес функциялардан босату міндетін қойған болатын. Мемлекет басшысы қол осы бағытта қажетті нормаларды бекітіп, ауқымды жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік берді. Осы жұмыстың шеңберінде балабақша тәрбиешілері толтыруға міндетті құжаттардың санын азайтатын бұйрыққа қол қойдым, – деп жазды Аймағамбетов.

Оның айтуынша, 2020 жылы орта, техникалық және кәсіптік білім беру деңгейіне де осындай тізім бекітілген болатын. Сол бұйрық арқылы мектеп пен колледж мұғалімдерінің есеп тапсыруын қатаң шектетілді. Мысалы, мектеп мұғалімі күн сайын екі құжат ғана толтыруы керек: мектеп журналына (электронды) баға қою және сабақ жоспары. Алайда, мектепке дейінгі білім беру деңгейінде мұндай тізім реттелмегендіктен көптеген құжат проблемасы болды. Олардың тізімі балабақша басшылығының көзқарасы мен маңыздылығын түсінуге қатысты болды.

Енді қол қойылған бұйрыққа сәйкес тәрбиеші тек мынадай құжаттарды ғана толтырады:

1) оқу жылына арналған перспективалық жоспар (жылына бір рет толтырылады);

2) тәрбие-оқу процесінің циклограммасы (бір аптаға толтырылады);

3) диагностиканың (бастапқы, аралық, қорытынды өлшеулердің) нәтижелері бойынша оқу жылына арналған баланың жеке даму картасы, ол қажеттілігіне қарай толтырылып, жүргізіледі, – деп жазды Оқу-ағарту министрі.

Министрдің мәліметінше, «Педагог мәртебесі туралы» заңда және Әкімшілік кодексте жазылған басқа да құжаттарды талап етуге жауапкершілік қарастырылған және айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартатын органдар да бар.

«Жауапкершілікке тарту кімнің құзырында? Педагогтерден шектен тыс есепті немесе қызметтік міндеттеріне жатпайтын ақпаратты талап ету фактілері бойынша өтініш түскен кезде Оқу-ағарту министрлігі білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттері құқық бұзғаны үшін жоспардан тыс тексеруді ҚСжАЕК органдарында тіркейді және оны білім беру ұйымына барып немесе бармай-ақ жүргізеді», – деді министр.

Сонымен бірге ведомство басшысы құқық бұзу фактісін дәлелдейтін материалдарды атады: - жазбаша тапсырмалар немесе олардың көшірмелері, бұйрықтардың көшірмелері, есеп беру бланкілерінің көшірмелері және педагогтен есеп беруді немесе ҚР білім беру саласындағы заңнамасында көзделмеген мәліметтерді талап етуді растайтын басқа да материалдар.

«Егер құқық бұзушылыққа алғаш рет жол берген адам өз кінәсін мойындаса, комитет және аумақтық орган әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырмай, кінәлі адамға ескерту туралы қаулы шығарады. Ал адам қайтадан құқық бұзса, оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылады. Әкімшілік айыппұл 20 АЕК-тен 120 АЕК-ке дейін», – деп жазды Аймағамбетов.

Бұған қоса Асхат Аймағамбетов мектеп пен балабақша педагогтеріне қолайлы жағдай жасауға бағытталған талаптар сақталуға тиіс екендігін айтып, әріптестерінен дер кезінде тиісті шара қабылдау үшін осындай фактілер болған жағдайда ол туралы хабарлауын сұрады.

«Бұған дейін жауапты тұлғалар заң бұзғаны, артық есепті және басқа да құжаттарды талап еткені үшін жауапқа тартылғанын еске сала кетейін. Білім беру ұйымдарының басшыларынан тағы да заңды қатаң сақтауды және артық есепті талап етуге жол бермеуді сұраймын», – деп түйіндеді министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама