×

Түркістан облысында қой 40 мың долларға сатылған

Шаруаның айтуынша, жақында ол гиссар тұқымды қошқарды пәтер құнына тең бағаға, яғни 40 мың долларға (шамамен 19 млн теңге) сатқан

 Халық үні 09.09.2022 | 07:35
Фото: otyrar.kz

Бәйдібек ауданынан келген фермер Аманолла Айтаханов Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыға ірі мәміле туралы айтып берді. Кәсіпкер бір қойды пәтер құнымен бірдей бағаға сатқан, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Өңір басшысы жұмыс сапарымен Бәйдібек ауданына барып, жергілікті тұрғындармен, кәсіпкерлермен және қой өсірушілермен кездескен еді.

Кәсіпкер Аманолла Айтаханов әкімді таң қалдырды. Шаруаның айтуынша, жақында ол гиссар тұқымды қошқарды пәтер құнына тең бағаға, яғни 40 мың долларға (шамамен 19 млн теңге) сатқан.

Айта кетейік, аталған қой тұқымы денесінің ірілігімен, бойының биіктігімен, жалпақ құйрығымен және ерекше төзімділігімен бағаланады.

Маған бизнесімді дамытуға грант бөлінді. Иә, мен бір қошқарды 40 мың долларға саттым. Оны Сарыағашта тұратын адам сатып алды. Қошқардың салмағы шамамен 200 кг. Әлі де сатылатын қошқарлар бар, олардың құны 20 мың доллардан кем емес, – деп атап өтті фермер.

Түркістан облысының әкімі кәсіпкерге мал басын көбейтуге тілектестік білдірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама