×

ШҚО-дағы алапат өрт бойынша соңғы дерек жарияланды

Күршім ауданында өрттің алдын-ала аумағы 1 300 гектарды құрайды

 Динара Амантай 08.09.2022 | 11:09
Фото: іnform.kz

Төтенше жағдайлар министрлігі ШҚО бойынша 8 қыркүйектегі өрт жағдайына қатысты соңғы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Күршім ауданында «Марқакөл орман шаруашылығы» РММ, Бобровка орманшылығы және Төсқайың ауылдық округі аумағында шөптер, бұталар, ағаштар өртенді. Өрттің алдын-ала аумағы 1 300 гектарды құрайды, жақын жерде орналасқан елді мекендерге қауіп жоқ. Өртке қарсы күреске ШҚО ТЖД өрт сөндірушілерінің, орманшылар мен жергілікті атқарушы органдардың, полиция қызметкерлерінің 270-ке жуық адамы мен 34 техникасы жұмылдырылды, өртті сөндіру қиын таулы жерлермен, ауа райы жағдайларымен күрделенді, сондықтан «МИ-8» және «Еврокоптер» тікұшақтары тартылды. Бүгін өрт болған жерге суағар құрылғысы бар ҚР ТЖМ Қазавиақұтқару МИ-171 тікұшағы қосымша көмекке келеді.

Алтай ауданында «Зырян орман шаруашылығы» КММ және «Быков орманшылығы» аумағындағы бұталар мен шөптерді жергілікті атқарушы органдар, орманшылар, «Қазавиаорманқорғау», ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері алдын ала алаңы 800 Га таулы жерде сөндіруді жалғастыруда. 12 тоннадан астам су ағызылды. Елді мекендерге қауіп жоқ. ШҚО ТЖД-да және өрт болған жерде жедел штабтардың жұмысы ұйымдастырылған. Жоюға барлығы 200-ге жуық адам мен 29 техника жұмылдырылды. Бүгін өрт болған жерге Семей қаласының №68303 әскери бөлімінің суағар құрылғысы бар ҚР Қорғаныс министрлігінің МИ-17 тікұшағы, жеке құрамның 50 адамы және 4 бірлік техникасы көмекке қосымша келеді.

Катонқарағай ауданында, Алтынбел ауылынан 12 км, «Большенарым орман шаруашылығы» КММ, Ново-Березовка орманшылығының аумағында орман аймағында бұта, құрғақ шөп өртенді, алдын ала ауданы – 1200 гектар, елді мекендерге қауіп жоқ. 8 қыркүйекте Қорғаныс министрлігінің суағар құрылғысы бар МИ-17 тікұшағы көмекке қосымша келеді. Жоюға 280-нен астам адам мен 24 техника, ШҚО ТЖД, орман шаруашылығы, ЖАО, халық, полиция жұмылдырылды. Өрт болған жерді әуеден қадағалау үшін МИ-2 және АН тікұшақтары тартылды. МИ-8 тікұшағының көмегімен 30 адам таудың басына «Кедруха» учаскесіне жеткізілді. Өрт орнында жедел штаб құрылды.

Глубокое ауданында, Каменный карьер ауылында өртті жою жалғасуда. Өрт сөндірушілер мен орманшылардың жұмысы нүктенің түтіні тау шатқалында шашыраңқы болуымен қиындады. Таудың биіктігі шамамен 800 метр. Құтқарушылар мен өрттің барлық қатысушылары елді мекендерге төнген қатерді сейілте алды. 8 қыркүйек 08:52-де 60 гектар алаңда өрт ауыздықталды.

Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД, полиция, ЖАО-ның 70 адамы мен 15 техникасы жұмылдырылды.

Тарханка ауылында өрт 7 қыркүйекте 35 гектар алаңда толығымен жойылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама