×

Футбол: Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды

Оқу-жаттығу жиыны 14 қыркүйек күні Нұр-Сұлтанда басталады

 Дастан Жұмабекұлы 07.09.2022 | 11:41
фото: kff.kz

Футболдан Қазақтанның ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев УЕФА Ұлттар лигасында Беларусь  және Әзербайжан командаларымен ойындарға шақырылған футболшылардың тізімін жариялады. Беларусьпен матч 22 қыркүйек күні «Астана-Арена» стадионында, ал Әзербайжанмен кездесу 25 қыркүйекте сырт алаңда, яғни Баку қаласында болады.

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады.

Оқу-жаттығу жиыны 14 қыркүйек күні Нұр-Сұлтанда басталады.

Тізімде 33 ойыншы бар.

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Мұхаммеджан Сейсен («Тараз»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Александр Марочкин, Бағдат Қайыров (барлығы – «Тобыл»), Елдос Ахметов («Тараз»), Михаил Габышев, Талғат Көсепов (екеуі де – «Астана»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Темірлан Ерланов, Дмитрий Шомко, Әлібек Қасым (үшеуі де – «Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Ғафуржан Сүйімбаев («Ақсу»);

Жартылай қорғаушылар: Юрий Логвиненко, Рамазан Оразов, Максим Самородов (барлығы – «Ақтөбе»), Асхат Тағыберген, Самат Жарынбетов (екеуі де – «Тобыл»), Аслан Дарабаев, Тимур Досмағамбетов, Исламбек Қуат (үшеуі де – «Астана»), Ян Вороговский («Моленбек», Бельгия), Бақтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Эльхан Астанов («Ордабасы»), Әділет Садыбеков («Қайрат»);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Астана»), Абылайхан Жұмабек («Тараз»), Айбар Жақсылықов («Тобыл»), Артур Шушеначев («Қайрат»), Роман Муртазаев («Шахтер»);

Жаттықтырушылар штабы: Магомед Адиев – бас жаттықтырушы, Евгений Коструб – бас бапкердің көмекшісі, Руслан Балтиев – бас бапкердің көмекшісі, Валерий Ситало – қақпашылардың жаттықтырушысы, Ерлан Ибраим – дене даярлығы жаттықтырушысы, Заур Нозадзе – сарапшы бапкер.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама