×

Қызылордада түрмеден енді босап шыққан азамат бөтеннің көлігін өртеп жіберген

Күдікті - ұйымдасқан қылмыстық топтың белсендісі болып шықты

фото: polisia.kz

21 қарашада Қызылорда қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, кешкі уақытта қала орталығындағы көшелердің бірінде оны ұрып-соғып, Opel Vectra маркалы автокөлігін белгісіз адамдар ұрлап кеткенін айтқан. Материалдық шығын – 1,5 млн теңге.

Тұрғынның шағымынан кейін көп ұзамай екі күдікті қолға түскен. Олар ұрланған көлікті өртеп жіберген. Екеуі де басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Күдіктілердің бірі ұйымдасқан қылмыстық топтың белсендісі екендігі белгілі болды. Ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылып, бірнеше қылмысы үшін сотты болған. Атап айтсақ, 2015 жылы ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) 6 жылға сотты болған.

Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 200-бабының 2-бөлігінің 1,3-тармақтарымен (Адамдар тобы болып, денсаулыққа қауіпті емес күш қолданып автомобильді айдап кету) және 202-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен (Бөтеннің мүлкін өрт қою арқылы қасақана жою) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама