×

Алматыдағы әйел мен екі баланың өлімі: полиция мәлімдеме жасады

Қалалық полиция департаменті әлі күнге дейін оқиғаға қатысты ешқандай деректі, сот-медициналық сараптама қорытындысын жарияламай отыр.

 Халық үні 06.09.2022 | 23:48
Фото: Halyq Uni / Esdaulet Qyzyrbekuly

Алматыдағы «Спутник» тұрғын үй кешеніндегі қайғылы оқиға 1 ай болды. Онда әйел мен 2 бала өлі күйінде табылған болатын.

Қалалық полиция департаменті әлі күнге дейін оқиғаға қатысты ешқандай деректі, сот-медициналық сараптама қорытындысын жарияламай отыр.

Тергеуші қорғаушыны, куәгерлерді, жәбірленушіні, азаматтық талапкерді немесе олардың өкілдерін, сарапшыны, маманды, аудармашыны, тергеуге қатысқан өзге де тұлғаларға мәліметтерді жариялауға болмайтынын ескертті. Бәрінен жауапкершілікке тарту туралы ескерту қолхаты алынған, — деп жауап берген полиция Экспресс К редакциясының ресми сауалына.

Қайғылы оқиға болған күні көршілері не болғанын және көргендерін журналистерге кезек-кезек айтып берсе, бірнеше күннен кейін жағдай күрт өзгерді. Олардың ешқайсысы жұмған аузын ашпады.

Оқиға болған үйде тұратын тұрғындардың кейбірі полиция қызметкерлері «журналистерге сұхбат беріп, ештеңе айтуға болмайтынын» ескерткенін мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда болған қайғылы оқиғаға қатысты көршілері не болғанын айтып бергенін хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама