×

Украина әскерлері Херсон облысын азат ете бастады

Высокополье кентінде көлденең жолақты жалау желбіреді

 Дастан Жұмабекұлы 06.09.2022 | 09:22
фото: unian.net

Украина Қарулы күштері Херсон облысындағы Высокополье кентін азат етті.

Бұл туралы УНИАН хабарлады.

Кеше әлеуметтік желіде украин әскерлерінің Херсон облысындағы Высокополье кентін азат еткені туралы хабар тарады. Кент ауруханасы төбесінде украин жалауы желбіреді, – делінген хабарламада.

Осыдан кейін ресейлік лаңкес Игорь Стрелков-Гиркин украин әскерлерінің Херсон облысындағы Высокополье кентін азат еткенін мойындады. Оның айтуынша, Ресей үшін «жанға бататындай сәтсіздік орын алған».

Серіктес жаңалықтары

Сараптама