×

Қостанай облысындағы өртті сөндіруге теміржолшылар жұмылдырылды

Қазір бес өрт сөндіру пойызы жұмыс істеп жатыр

 Халық үні 04.09.2022 | 15:25
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қостанай облысында өрт сөндіру жұмыстарына 250 теміржолшы тартылды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» баспасөз қызметі хабарлады.

«Оқиға орнында өрт сөндіру командаларын сумен қамтамасыз ететін және инфрақұрылым нысандарын қорғайтын бес өрт сөндіру пойызы жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр», - делінген ақпаратта.

Орман өрті пойыздар қозғалысы кестесіне де әсер етті. 4 қыркүйек сағат бірдегі жағдай бойынша 11 жүк және 6 жолаушылар пойызы қозғалысы тоқтатылды.

Айта кетейік, Қостанай облысындағы табиғи өртке байланысты көмекке мұқтаж халық Төтенше жағдайлар департаментінен ашылған жедел желі телефонына хабарласа алады. 

Төтенше жағдайлар департаментінде 8 717 2 53 32 84, 8 714 2 50 36 24 жедел желісі іске қосылды.

Сонымен қатар көмекке мұқтаж азаматтар 112 немесе 101 телефондарына хабарласа алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама