×

Ақтауда бір мектепте бірден 8 жұп егіз 1-сыныпқа қабылданды

Егіздер жиында салтанатты шеру ұйымдастырды

 Динара Амантай 02.09.2022 | 12:27
Фото: @aktau_akimat

Биылғы жаңа оқу жылында Ақтау қаласындағы №12 жалпы білім беретін орта мектептің табалдырығын 8 жұп егіз балалар аттады. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әкімдік өкілдерінің мәліметінше, Білім күніне арналған салтанатты жиында 8 жұп егіз бірінші сыныпқа барып, салтанатты шеру ұйымдастырды. Осылайша оқушылар өздерінің жаңа достары мен мұғалімдерімен амандасты.

Мектеп басшылығының айтуынша, № 12 орта мектепте егіздердің рекордтық саны оқиды.

Біздің мектепте бұрын-соңды мұндай жағдай болған жоқ. Менің ойымша, мұғалімдерімізге алдымен кейбір егіздерді ажырату қиын болады, бірақ уақыт өте келе біз бір-бірімізге үйренеміз, – деді мектеп директоры Жанат Анисова.

Ал алғашқы қоңырау соғу құрметіне ағайынды Мирас пен Диас Мурадов ие болғаны белгілі болды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Павлодар облысында тұңғыш қазақ мектеп-лицейі ашылғаны туралы жазған едік. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама