×

Судьялар өздерінен жоғары қызметте тұрған адамдарға бағынбауы керек – Тоқаев

Президент Жоғарғы Сот судьяларын сайлауды ұсынды 

 Дастан Жұмабекұлы 01.09.2022 | 13:12
фото: ашық дереккөз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауда заң үстемдігін нығайту мәселесін шұғыл реттеу керектігін айтты.

Қоғамда заң үстемдігі берік орнығып, сот төрелігі әділ атқарылуы қажет. Осыған орай қазылар қауымын шұғыл түрде қайта іріктеп, жаңартып жасақтау керек.

Қазылар жоғары білікті, адал, сондай-ақ  жемқорлықтан таза болуы қажет. Ең алдымен, барлық судьялардың мәртебесін теңестірген жөн. Олар өзінен жоғары тұрған әріптестеріне тәуелді болмауы керек, –  деді ол.

Осы орайда президент Сот төрағасы және Сот алқасының төрағасы лауазымына үміткерді судьялар өздері сайлайтын тәсіл енгізуді ұсынды.

Көптеген сот төрағасы лауазымы судья лауазымы болып өзгереді. Жоғарғы Сот судьяларын да сайлау арқылы таңдау тәсілін енгізген жөн. Ол үшін президент үміткерлерді баламалы негізде Сенатқа ұсынуы керек.  Аталған салаға мықты заңгерлерді тарту үшін материалдық жағдай жасау қажет, – деді ол.

Жолдауда президент заң үстемдігін нығайтудың кезек күттірмейтін мәселе екенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама