×

Үш ауысыммен оқитын мектептің мәселесі толық шешіледі

2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасалады

 Дастан Жұмабекұлы 01.09.2022 | 12:20
фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауда 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасалатынын айтты.

Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз.

Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады, –  деді президент.

Ол сонымен бірге мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керектігін айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама