×

Ұлттық табыстың игілігін жұрттың бәрі бірдей көріп отырған жоқ – президент

Енді президент жанындағы омбудсмен тағайындалады

 Дәурен Ерболат 01.09.2022 | 11:15
Фото: akorda.kz

Парламент палаталарының бірлескен отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Алдымен ол «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертетінін атап өтті.

Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады. Қоғам игілігіне арналған қызмет деңгейі жоғары болуына кепілдік береді. Әлеуметтік жағынан әлсіз топтардағы азаматтарға қолдау көрсетеміз. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да көмектесеміз. Президент жанындағы омбудсмен тағайындалады. Мемлекет экономикалық еркіндікті қолдайды, - деді деді мемлекет басшысы.

Ол Жолдаудың бірінші бағдары жаңа экономикалық саясатқа тоқталды.

«Біз экономикамызда қордаланған мәселелерді жақсы білеміз. Мысалы, шикізатқа әлі де тәуелдіміз. Еңбек өнімділігі төмен, инновация жеткіліксіз. Ұлттық табыстың игілігін жұрттың бәрі бірдей көріп отырған жоқ. Әрине, мұның барлығы – күрделі мәселелер. Бірақ, оны шешудің нақты жолдары бар», - деді Тоқаев

Серіктес жаңалықтары

Сараптама