×

Нұр-Сұлтанда 100-ге жуық адамды алдаған алаяқ әйел ұсталды

Келіншектің арбауына 97 адам түскен

 Халық үні 01.09.2022 | 08:30
ашық дереккөзден

Алматы облысында "банк қызметкерімін" деп жұрттың атына несие рәсімдеп, сан соқтырған келіншек ұсталды. Бір айдан астам уақыт іздеуде болған оны полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласынан тауыпты. Күдікті жүзге жуық адамды тақырға отырғызған, деп хабарлады КТК телеарнасы.

Бір ай бұрын Жамбыл ауданында күдікті талай жанға онлайн несие алдырып, алдап кеткен. Пысықай әйел кепілдегі тұрмыстық техника мен әшекей бұйымдарды таныстары арқылы ақшалай шығарып беремін деп сендіріпті. Алайда не ақша, не тауарды көрмеген халық банктерге белшесінен қарызға батқан. Осылайша қос–қостан қарызы барлар енді пайдаланбаған несиені төлеуге мәжбүр. Қулығына құрық бойламаған келіншектің арбауына 97 адам түскен. Олардың барлығы тұрмыстық техникаға тапсырысты әлгі қыз көрсеткен компанияға берген. Қолға түскен күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Келтірілген залал сомасы 100 млн-нан астам. Қылмыстық іс тіркелгеннен кейін күдікті азамат қылмыстық қудалаудан органдарынан бой тасалауына байланысты іздеу жарияланды. 28 тамыз күні жедел ісдестіру шаралары барысында күдікті әйел Нұр-Сұлтан қаласынынан ұсталды. Қазір қамауға алынды. ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – дейді Жамбыл ауданы ПБ бастығының орынбасары Жарқын Есжанов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама