×

Петропавлда құдықтан 3 жұмысшының денесі табылды

Олардың бірі - 20 жастағы жігіт сол жерде қайтыс болды.

 Халық үні 31.08.2022 | 22:24
Фото: қалалық ПД

Петропавлда 20 жастағы жұмысшы құрылыс нысанында көз жұмды, деп хабарлады қалалық Полиция департаменті.

31 тамыз күні Петропавл қаласының полиция басқармасына Жамбыл көшесіндегі құрылыс нысандарының бірінен үш қызметкердің денесі табылғаны туралы хабар түсті.

Құрылыс нысанының жанындағы су құбыры құдығын тазартып жатқан 1994, 2002 және 2004 жылы туған үш жұмысшы буға уланғаны анықталды.

Олардың бірі - 20 жастағы жігіт сол жерде қайтыс болды.

Қалған екі адам қаланың медициналық мекемесіне жатқызылды.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 156-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Сараптама тағайындалды.

Істің мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүріп жатыр, оның нәтижесі бойынша түпкілікті шешім қабылданады.

Сондай-ақ жұмысты орындау кезінде өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша мердігер ұйымдардың кінәсі анықталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама