×

Қазақстандық велоспортшы Азия кубогының иегері атанды

Бұған дейін спортшы топтық жарыста қола медаль жеңіп алған

 Халық үні 29.08.2022 | 22:44
Фото: olympic.kz

Велоспорттан Қазақстан құрамасының өкілі Рината Сұлтанова Тайландта өткен Азия кубогында алтын медаль жеңіп алды.

Olympic.kz сайтының хабарлауынша, ол топтық ұпай жарысында алға шықты.

Еске сала кетейік, бұған дейін спортшы топтық жарыста қола медаль жеңіп алған еді.

Жақында Түркияның Конья қаласында өткен V Ислам ынтымақтастығы ойындарында қазақстандық спортшы бірден төрт медаль жеңіп алды: омниум, скретч және жеке жарыс бөлімдерінде үш алтын, сонымен қатар тас жол жарысында қола медальға ие болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама