×

Индустрия вице-министрі қызметінен босатылды

Әділбек Сәрсембаев Индустрия вице-министрі қызметінен босатылды

 Халық үні 29.08.2022 | 14:36
Фото: ашық дереккөздерден

ҚР Үкіметінің қаулысымен Әділбек Зейнуллаұлы Сәрсембаев ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды.

Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі мәлім етті

Әділбек Сәрсембаев 1978 жылы Целиноград қаласында (қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы) дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік заң академиясын «юриспруденция» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы ҚР ҚМ Салық инспекциясының жеке тұлғалардың кірістеріне салық салу бөлімінің салық инспекторы болып бастаған.

2021 жылғы наурыздан бастап ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып қызмет етті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама