×

Головкин Жәнібек Әлімханұлының әлем чемпионы атануына қатысты күтпеген пікір білдірді

Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта WBO-дың толыққанды әлем чемпионы атанған еді

 Халық үні 28.08.2022 | 21:05
Коллаж: sports.kz

Қазақстандық танымал боксшы Геннадий Головкин өзінің Twitter-дегі парақшасында Жәнібек Әлімханұлының әлем чемпионы атануына қатысты пікір білдірді. 

Жәнібек Әлімханұлын құттықтаймын! Қазақстанда чемпиондар көп болсын. Құтты болсын, - деп жазды Генадий Головкин.

Еске сала кетейік, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта WBO-дың толыққанды әлем чемпионы атанған еді.

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) ресми қаулы шығарды, онда қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы WBO-дың толыққанды әлем чемпионы деп жарияланған.

Мемлекет басшысы Жәнібек Әлімханұлын құттықтап, қазақ бокс стилінің үстемдігін тағы бір рет паш еттіңіз деді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама