×

Елімізде «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесі іске қосылады

Жәрдемақы, зейнетақы және әлеуметтік төлемдердің қолжетімділігі артты

 Динара Амантай 28.08.2022 | 11:59
Фото: ustinka.kz

Биыл 1 қыркүйектен бастап азаматтарға әлеуметтік көмектерді қолжетімді ету мақсатында «Отбасының цифрлық картасы» іске қосылатын болды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталмыш карта экономикалық, тұрғын үй, әлеуметтік жағдайлар, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдар жүйелерінің деректерін біріктіреді. Отбасының цифрлық картасы белгілі бір алгоритм бойынша жұмыс істейді деп болжанып отыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекет кепілдіктерін алуға құқығы бар отбасына адамның көмек алушы бола алатыны туралы SMS хабарлама жібереді. Оны алған адам келісетін-келіспейтінін өзі шешіп, смс арқылы жауап беруі керек. Келісілген жағдайда жәрдемақы тағайындалып, алушының шотына аударылады.

Азаматтардың әлеуметтік кепілдіктерін проактивті форматта қамтамасыз ету үшін 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстанда «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесі жұмыс істей бастайды, – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін жүктілік пен босануға төленетін әлеуметтік көмекті eGov-та рәсімдеуге болатыны туралы жазған едік.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама