×

Елорда әуежайы жанармайды түрлі бағамен сатуы билет құнына әсер еткен

Тексеру азаматтардың арыз-шағымы негізінде жүргізілген

 Халық үні 28.08.2022 | 09:51
Фото: ашық дереккөздерден

Авиациялық отынды бөлшек саудада өткізу нарығына жасалған талдау қорытындысы бойынша, «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ бірдей келісімдерге әртүрлі баға белгілеп, бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзғаны анықталды. Аталған жағдай билет бағасына әсер еткен. Бұл туралы  Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады.

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ авиация отынын сату нарығында доминант бола отырып, монополияға қарсы заңнаманы бұзуға жол берген», - деп атап өтті монополияға қарсы департамент.

Ведомство нарық субъектісінің баға жағдайының ауытқуына қатысты іс-әрекеттері түпкілікті тұтынушы үшін бағаның өсуіне, оның ішінде әуе тасымалдарының бағасына әсер ететінін атап көрсетті.

16 маусымда әуежайға заңсыз әрекеттерді тоқтату туралы хабарлама берілді. Қазірдің өзінде заң бұзушылықтар жойылғаны хабарланды.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама