×

Сұйытылған газ бағасын заңсыз көтергендер рақымшылыққа ілігіп кетті

Газ өңдеу зауытына 60 млн теңгеден аса сомаға айыппұл салынған еді

 Динара Амантай 26.08.2022 | 17:28
Фото: egemen.kz

Маңғыстау облысында 54 автогаз құю станциясы иелерінің өзара сөз байласып, газдың бағасын қымбаттатқаны анықталды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында облыс прокуратурасы сұйытылған мұнай-газ нарығына тексеру жүргізіп, соның нәтижесінде сұйытылған газ бағасын бір мезгілде көтеру түрінде бәсекелестікке қарсы келісім деректері анықталды. Прокурорлық ден қою нәтижесі бойынша 54 автогазқұю станциясының иесіне, сондай-ақ газ өңдеу зауытына 60 млн теңгеден аса сомаға айыппұл салынып, монополиялық табыс тәркіленді, – делінген хабарламада.

Сонымен бірге арнайы бағдарламалардың көмегімен электрондық сауда алаңдарының қорытындыларын бұрмалау үшін сұйытылған газ нарығындағы субъектілер сөзбайласуының анықталғаны белгілі болды.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, кінәлілерге қатысты қылмыстық іс рақымшылық актісі бойынша тоқтатылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама