×

«Канело» & Головкин: жекпе-жекте ұпайға сараң қазылар болады

Боксшылардың айқасының төрешілері ресми бекітілді

 Дастан Жұмабекұлы 26.08.2022 | 16:30
фото: matchtv.ru

Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес жекпе-жегінің қазылар алқасы бекітілді.

Бұл туралы BoxingScene.com. хабарлады.

Трилогия 17 қыркүйек Лас-Вегастағы «T-Mobile Arena» шаршы алаңында өтеді.

Рингте төреші Рассел Мора болады. Ал қазылар алқасында Дэйв Моретти (Невада), Стив Вайсфельд (Нью-Джерси) пен Дэвид Сазерлэнд (Оклахома) отырады. Олардың бәрі АҚШ штаттарының өкілдері.

Моретти Головкин мен Альварестің алдыңғы екі кездесуінде төреші болған. Біріншісінде ол 115:113 есебін қазақстандық боксшы жеңді деген шешім шығарған, ал екінші жекпе-жекте осындай есепті мексикалықтың пайдасына жазды. 

Вайсфельд те Головкин мен «Канелоның» екінші айқасында қазылық еткен. Ол кездесуде мексикалық 115:113 есебімен жеңді деп жеңісті соған берген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама