×

Продюсер Арман Дәулетияров анасы тұрған үйді мешітке айналдырды

Бұл жөнінде ол анасымен көзі тірісінде ақылдасқан екен

 Дастан Жұмабекұлы 26.08.2022 | 14:19
фото: ашық дереккөз

Танымал медиаменеджер Арман Дәулетияров марқұм анасы Айман Дәулетиярованың өмірінің соңғы жылдарын өткізген үйді мешітке айналдыратынын айтты.

Бұл туралы ол Instagram-да хабарлады.

Ол мұндай шешімге келгенінің себебін де айтты. Бұл жөнінде Арман анасымен көзі тірісінде ақылдасып келіскен екен.

Бұл менің туған үйім. Осы аулада туып-өстім. Бұрынғы үйімізді сүріп тастап, оның орнына анамызға жаңа үй салып берген едім. Ол мұнда өмірінің соңғы жылдарын өткізді. Енді үйді мұсылмандар діни басқармасына бергім келеді. Мұнда Айман Дәулетиярова атындағы мешіт болады. Бұл жөнінде Анаммен көзі тірісінде келісіп қойғанмын. Анам біз бақытты ғұмыр кешкен үйіміз менен кейінгі адамдардың игілігіне жұмыс істейтініне қуаныштымын деп көзіне жас алған болатын, – деді Дәулетияров.

Арманның айтуынша, кез келген адам осында келіп, дұға жасай алады. Одан басқа, мешітте балаларға Құран мен Ислам негіздерін үйретеді. Қазір ауылда және көрші маңда басқа мешіт жоқ. Сондықтан ол ауылға кқрші тұратын адамдарға да жақсы болады.

Мен де отбасыммен бірге осы мешітке келіп тұрамын. Жақын маңда жүрсеңіз, сіз де міндетті түрде келіңіз. Орынбор облысы Соль-Илецк ауданы Тамаруткуль ауылы, –  деп жазды ол.

Сонымен бірге ол анасының жылдық асы өткеннен кейін мешіттің ауласына минарет салатынын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама