×

Жаңадан құрылған үш облыстан сайланған сенаторлар белгілі болды

Сайлауға 12 кандидат қатысқан

 Дәурен Ерболат 26.08.2022 | 13:21
фото: election.gov.kz

Жаңадан құрылған 3 облыс Сенатқа сайланған депутаттардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Орталық сайлау комиссиясы.

Комиссия қаулысына сәйкес, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан 6 сенатор сайланды.

Абай облысынан:

  • Бақытжан Байахметов (2017 жылғы 28 маусымда сайланған Қазақстан парламенті сенаты депутаттарының өкілеттік мерзіміне);
  • Айнұр Арғынбекова (2020 жылғы 12 тамызда сайланған Қазақстан Парламенті Сенаты депутаттарының өкілеттік мерзіміне).

Жетісу облысынан:

  • Амангелді Толамисов (2017 жылғы 28 маусымда сайланған Қазақстан Парламенті Сенаты депутаттарының өкілеттік мерзіміне);
  • Ғалиасқар Сарыбаев (2020 жылғы 12 тамызда сайланған Қазақстан Парламенті Сенаты депутаттарының өкілеттік мерзіміне).

Ұлытау облысынан:

  • Советбек Медебаев (2017 жылғы 28 маусымда сайланған Қазақстан Парламенті Сенаты депутаттарының өкілеттік мерзіміне);
  • Серік Шайдаров (2020 жылғы 12 тамызда сайланған Қазақстан Парламенті Сенаты депутаттарының өкілеттік мерзіміне).

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтың айтуынша, Сенатта 2017 және 2020 жылдары сайланған депутаттар өз өкілеттігін атқаруда.

Ал 3 облыстың 6 сенаторын сайлау кезінде мәслихат депутаттары жанама сайлау құқықтары негізінде жасырын дауыс беру арқылы жаңа сенаторлардың қайсысы 2017 және 2020 жылдары сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне ротация арқылы сайланатынын өздері анықтады, - деді төраға.

Айта кетейік, Сенаттағы 6 мандатқа әр облыстан 4 адамнан барлығы 12 кандидат сайлауға қатысты. Нәтижесінде өңірдегі 311 депутат дауыс берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама