×

Ұлттық ұлан 10 әскери қызметшінің психикалық орталыққа түскені туралы ақпаратқа түсініктеме берді

Қазір аталған орталықта мерзімді қызметтегі бір әскери қызметші жатыр

 Халық үні 25.08.2022 | 21:57
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Әлеуметтік желіде Орал қаласында бірнеше әскери қызметшінің психикалық орталыққа жатқызылғаны туралы жалған ақпарат тарады.

Әлеуметтік желіде Орал қаласындағы облыстық психикалық денсаулық сақтау орталығына 10 әскери қызметшінің жатқызылғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Бұл - жалған ақпарат, шындыққа жанаспайды. Қазір аталған орталықта мерзімді қызметтегі бір әскери қызметші жатыр», - деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрлігі.

Сондай-ақ ресми хабарламада психикалық орталыққа түскен әскери қызметшінің кім екені айтылған.

2022 жылғы 9 тамызда Ақтөбе облысының қорғаныс ісі жөніндегі департаменті биыл маусым айында Орал қаласындағы 5517 әскери бөліміне шақырылған қатардағы жауынгер Қайрош Арманбек Базарұлын дәрігер-мамандарға қаралуға жіберді. Кейін қатардағы сарбаз «Бейімделудің бұзылуы» алдын ала дигнозымен облыстық психикалық денсаулық сақтау орталығына жатқызылды, - деп хабарлады ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама