×

«Қазгеология» басшысы қызметінен кетті

«Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып Берікбол Хамзин тағайындалды.

 Халық үні 25.08.2022 | 21:29
Фото: inbusiness.kz

«Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Әнуар Боранбаев қызметінен кетті. Оның міндеті уақытша компанияның бас геологы Берікбол Хамзинге жүктелді. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.

Берікбол Хамзин В.И.Ленин атындағы қазақ политехникалық институтының геологиялық барлау факультетін тау инженері-геолог мамандығы, «Фемида» заң академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Тәжірибесі:

2015 жылдан бері - «Казгеология» АҚ  – бас геологы;

2013 жылы – «Қазгеология» АҚ  Далада геологиялық барлау жұмыстарын ұйымдастыру департаментінің директоры;

2012-2013 жылдары – «Қазгеология» АҚ– геология бойынша басқарушы директоры;

2012 жылы –«Қазгеология» АҚ – Басқарма төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы;

2011-2012 жылдары – «Қазгеология» АҚ – геология бойынша басқарушы директор;

2011 жылы – «Тау-Кен Самұрық» АҚ – департамент директоры;

2008-2011 жылдары –«ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті Орталық-қазақстандық геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық департаменті» ММ  – өңіраралық департамент жетекшісі;

1998-2008 жылдары –  ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті «Орталық-қазақстандық геология және жер қойнауын пайдалану аумақтық басқармасы» ММ– басқарма басшысы;

1994-1998 жылдары-«Қарағайлы» АҚ – президенті;

1982-1994 жылдары – «Карағайлы» ЭМР –геологиялық барлау партиясының геологы, іздеу-түсіру тобының басшысы, бас геолог, экспедиция бастығы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама