×

Кипрда ВИЧ-тың жаңа штамы анықталды

Бүгінде вирус 14 адамнан табылған

 Дәурен Ерболат 25.08.2022 | 09:57
Фото: prizyv.ru

Кипр университетінің ғалымдары адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ/ВИЧ) бірінші түрінің жаңа рекомбинантты штамын анықтады, деп жазады Phileleftheros газеті.

Lenta.ru мәліметінше, АИТВ-ның жаңа штамы CRF91_cpx деп аталады.

Жаңа рекомбинантты штамның геномы АИТВ-1-дің 4 бөлігінен тұрады: CRF02_AG, G, J және U.

Кипрлық биологтар вирусты АҚШ-тағы Лос-Аламос ұлттық зертханасында анықтаған.

Ларнакедағы ЖИТС-ті (СПИД) емдеумен айналысатын клиника мамандары да вирустың жаңа түрлерін зерттеуге қатысқан.

АИТВ-ның жаңа штамы Кипр аралында тұратын 14 адамнан анықталды.

«CRF91_cpx штамы негізінен ерлермен жыныстық қатынасқа түскен кипрлық ерлерден табылды», - дейді ғалымдар.

Айта кетейік, биыл әлемде төртінші адам АИТВ-дан жазылған еді. Ол бағаналы жасушаларды трансплантациялау және кіндік қанын  құю әдісі арқылы емделген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама