×

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды

Ол 21 қазанға дейін уақытша тергеу изоляторында болады

 Дастан Жұмабекұлы 24.08.2022 | 15:38
фото: ашық дереккөз

Алматы қаласы мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайбергенді қамауға алу мерзімі ұзартылды.

Алматы қалалық сотының хабарлауынша, Құдайберген 2022 жылдың 21 қазанына дейін уақытша тергеу изоляторында болады.

Соттың 16 тамыздағы қаулысы бойынша, күдіктіні қамауда ұстау мерзімін 21 қазанға дейін ұзарту туралы өтінішхат қанағаттандырылды, –  деді қалалық соттың баспасөз қызметі өкілдері.

21 сәуірде Алматы мәслихатының депутаты жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікпен ұсталды.

22 сәуірде Қайрат Құдайбергеннің ұсталғанын Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі ресми түрде растаған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама