×

Қайрат Құдайберген бір айға қамауға алынды

Мәслихат депутаты 22 сәуірде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

 Қымбат Елтайқызы 24.04.2022 | 19:20
Қайрат Құдайберген, кәсіпкер

Белгілі кәсіпкер, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергеннің бір айға қамауға алынғанын оның адвокаты Мұрат Әмітов хабарлады. 

Алматыда тергеу соты оған қатысты бір ай қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасын санкциялаған. 

«Тергеу сотының қаулысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. Қайрат Құдайбергенге қатысты әрекетті саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін 30 тәулік мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға санкция берілді»,- делінген адвокаттың жазбасында.

Күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы шыққанға дейін осы қамауда ұстау шарасы күшінде болады.

Сәуірдің 21-нен 22-не қараған түні Алматы қалалық мәслихат депутаты, кәсіпкер Қайрат Құдайберген ұсталып, полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматы прокуратурасының мәлімдеуінше, бизнесмен қаңтар айындағы жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырып, қатысты деген күдікке ілінген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама