×

Әйгілі «Темір Тайсон» мүгедектер арбасымен жүр

Шілдеде ол денсаулығына байланысты қынжылысын білдірген

 Еркеғали Болатұлы 20.08.2022 | 17:19
фото: ашық дереккөз

Бокстан ауыр салмақтағы бұрынғы абсолютті әлем чемпионы, 56 жастағы Майк Тайсон Майами әуежайында мүгедектер арбасымен жүрді деп хабарлады prosports.kz.

Айта кетсек, әлемге әйгілі бокшының белінде проблема бар екені бұрын байқалған. Биыл шілдеде ол денсаулығына байланысты қынжылыс білдірген.

Бұған дейін Майк Тайсон таяқ таянып жүретін. Ол жайт жанкүйерлерін алаңдатқан еді. Енді мүлде жүруден қалғанға ұқсайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама