×

Талдықорған тас жолындағы апаттан 8 адам зардап шекті

Көмекке асыққан жедел жәрдем көлігі де апатқа ұшырады

 Еркеғали Болатұлы 20.08.2022 | 13:57
Фото: Талдықорған қ. ПБ

Талдықорған маңында «ГАЗель» жүк көлігі мен Nissan жеңіл автокөлігі соқтығысып, соның салдарынан 5 ересек және 3 бала зардап шекті деп хабарлады Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, жол-көлік апаты кеше кешке Талдықорған – Үштөбе тас жолында болған.

Жол апатынан жеңіл көлікте отырған 5 ересек пен 3 бала зардап шекті. Барлығы ауруханаға жеткізілді, - деп мәлімдеді полиция департаменті.

Сондай-ақ көмекке асыққан жедел жәрдем көлігі де апатқа ұшырады. Ол да қарсы беттегі жеңіл автокөлікпен соқтығысқан. Екі көліктің де кузовтарына зақым келген, бірақ зардап шеккендер жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама