×

СІМ Украинадағы қазақстандықтар туралы соңғы мәліметті жариялады

Украинадан елге 901 қазақстандық эвакуацияланды

 Айгерім Таубай 19.08.2022 | 11:38
фото: ашық дереккөз

Қазақстанның сыртқы істер министрілігі Украинадағы қазақстандықтар туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Министрліктің хабарлауынша, қазір Украинада 600-ден астам қазақстандық тұрады.

«Қазір Украинада 600-800-ге жуық Қазақстан азаматы бар. Олардың көпшілігі Ресей мен Украина арасындағы әскери қақтығыс басталғалы Украина аумағынан шықпаған», – деп делінген Halyq Uni ресми сауалына берген жауабында.

Алайда сыртқы істер министрілігі олардың Украинаның қай қаласында тұрып жатқанын нақтыламады.

«Украинаның ішіндегі халықтың ішкі көші-қонына байланысты ол елдегі қазақстандықтардың нақты санын, тұрғылықты жерін анықтау мүмкін емес. Өйткені олардың өзгертілген мекенжайы мен телефон нөмірі туралы Қазақстан Украинадағы елшілігіне хабарлау туралы міндеттеме жоқ. Көпшілігі әлі күнге дейін консулдық тіркеуге тұрмаған», – деп хабарлады министрлік.

Сондай-ақ қазақстандықтар Елшілікке хабарламай, түрлі бағыт бойынша Украинадан елге оралған, енді бірі өз бетінше Молдова мен Еуроодақ елдеріне, кейбірі Ресей мен Беларуське кеткен.

Айта кетейік, Ресей мен Украина арасында әскери қақтығыс басталған кезде Қазақстан азаматтарды жеті рейспен елге эвакуацияланды. Нәтижесінде 901 қазақстандық Украинадан шығарылды. Бұған дейін министрлік ішінде 743 адамның Қазақстанға оралғанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама