×

V Исламиада: cоңғы күні Қазақстан 2 алтын, 4 қола жүлдені жеңіп алды

Каратэші Софья Берульцева мен кикбоксшы Берік Ысқақов чемпион атанды

 Дастан Жұмабекұлы 19.08.2022 | 09:43
фото: МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Түркияның Кония қаласында өткен V Ислам ынтымақтастық ойындарының соңғы күні Қазақстан спортшылары 2 алтын және 4 қола жүлдені жеңіп алды.

68 килодан аса салмақта каратэші, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері және Дүниежүзілік ойындардың жеңімпазы Софья Берульцева мен кикбокстан 63,5 килода бағын сынаған Берік Ысқақов Ислам ойындарының чемпионы атанды.

Сонымен қатар кикбоксшыларымыз Нұрдәулет Қалшора (57 кг) мен Батырхан Қуандық (63,5 кг) пен Шара Хамзина Ислам ойындарының қола медалін иеленді.  

Каратэден 61 килода сынға түскен Әсел Қанаева да Исламиаданың қола жүлдегері атанды. Бұл салмақта жеңімпаз өзбек қызы Зулхумор Тұрсыналиева. Екінші орынды түрік Гүлбахар Гезюток иеленді. Екінші қола жүлдені Вафа Манджуб (Тунис) алды.

Осылайша Қазақстан құрамасы бұл жолғы Ислам ойындарын 27 алтын, 23 күміс және 39 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте бесінші орынмен қорытындылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама